Күзгі – қысқы кезеңге әзірлік паспорттарын алу бойынша кеңес
Ағымдағы жылғы наурыз айының 17-де Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінде Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары өкілдерімен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 470 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 22021 тіркелді) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына еңгізілген өзгерістер бойынша кеңес өтті.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысының м.а. және энергетикалық кәсіпорындар өкілдерінің баяндамасы тыңдалды, қойылған сауалдарына жауап берілді.
Кеңес соңында «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру» қағидаларында көрсетілген тармақтардың қатаң сақталуы ұсынылды.